16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Белсенді жастар алдыңғы лекте

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының мəжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын аудан жастарына түсіндіріп, талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынды Қ.Кемелұлы атындағы шығармашылық қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы Асқаров Мыңжасар ағамыз ашып, өз баяндамасын жасады. Мақаланың негізгі тарауларына тоқталып, түсінікті тілмен жастарға жеткізді. Жастар ресурстық орталығының Талантты жастарды қолдау бөлімінің басшысы Саржанов Біржан: Əр халық, мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Бұл дегеніміз өткенді ұмытпай, ұлттық құндылықтарымызды барынша ескеріп, болашақты бағдарлау деп түсінемін, — деп өз ойын жеткізді. Жастарды белсенділікке, отанын сүюге, әрдайым алдыңғы лекте болуыға үндеу тастады. Созақ жастары онсыз да туған жерді түлетуге, қоғамда болып жатқан әрбір үндеуге үн қатып отырады. Қоғамдық ұйым өкілдері көтерген әр мәселеге жіті назар аударып, өз үлестерін қосудан тартынған емес.  Шара соңында мекеме, бөлімдерден келген жас мамандар ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР