26-04-2024
12.3 C
Шымкент

«Бірлік пен келісім тірегі – жастар»

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты қызметкерлері мен Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты жөніндегі мәселелері жөніндегі басқармасы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Бірлік пен келісім тірегі – жастар» тақырыбында өңіріміздегі 800-ге жуық жоғарғы оқу орындарын бітіруші жастарымен бейресми кездесу өтті.Еркін форматта өткен кездесуде жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, бизнеске баулу, діни экстремизм мен терроризмнің, құқықбұзушылықтың алдын алу сынды маңызды мәселелер ортаға салынды.
Кездесуге қатысушылар әсіресе, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!», «Серпін-2050» жобасына ерекше қызығушылық танытты. Жастарымыздың солтүстік облыстарда тегін білім алып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін бұл жоба өңірдің әлеуметтік мәселесін шешумен қатар, елдің бірлігі мен қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Кездесуде Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова баяндама жасады.Сонымен қатар, жастарды кәсіпкерлікке баулудың маңыздылығы сөз болып, «Coffee Like» компаниясының құрылтайшысы, жас кәсіпкер Аят Азимов өз табысының сырымен бөлісті.Ал, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек жат ағымдардың жетегіне кетпеудің жолы – ата дәстүрімізге беріктік пен діни сауаттылық екенін айтып өтті. Басқосуда өзі құрастырған роботтың мүмкіндігімен таныстырған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Қуаныш Мәден барша жастарды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай ХХІ ғасырдың талаптарына сай болуға шақырды. Сондай-ақ, кездесуге келгендер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелердің жауабын алды.
Кездесуді қорытындылаған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мемлекеттік органдар мен жас буынның арасында ашық пікір алаңын құру арқылы жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, жұмысты жүйелі жүргізу бағытында нақты ұсыныстар жасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР