20-04-2024
13.3 C
Шымкент

Шеберлік сабағы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы филиалының ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінде орналасқан «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүзім, алма бау бақшасында Күз,қыс мезгілінде жүзім, алма бау бақшаларында күтіп,баптау,жұмыстары бойынша мастер класс өткізілді. Оқыту және түсіндіру жұмыстарын, мән-жайын «Амангелді»ЖШС-нің бас аграномы Мықтыбай Молдасапаров айттып берді. Іс-шарада қатысушылар тарапынан алма, жүзім питомниктердегі улау жұмыстары қалай жүргізілуі, алманың қандай сорттары бар, сатылатын көшеттердің бағасы туралы қойылған сұрақтарға өз жауаптарын алды. Сонымен қатар, қатысушыларға жүзім бақшасында ЖШС-нің техникаларын, құрал жабдықтарын таныстырды. Мастер классқа бау бақша кәсібіне қызығушылық танытқан, ниет білдірген аудан азаматтары, шаруа қожалықтарының төрағалары жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары жалпы саны 20 адам қатысты. Алдағы уақытта дәл осы кәсіп түрімен айналысамын деп ниет еткендерге аталған шеберлік сабағының берері көп болары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР