02-09-2021
27.3 C
Шымкент

Ақ халаттылардың игі ісі

Қашанда жақсы істердің жаршысы болып жүретін аудандық емхана ұжымы қасиетті Рамазан айында тағы бір сауапты тірлік жасады. ОҚО Шардара аудандық емхананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанар Оспанованың ұйымдастыруымен қаладағы «Әбу Мәнсұр әл-Матруди» мешітінде ораза ұстаған жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылды.

Ақсақалдар мен ардагер дәрігерлер, ауыз бекіткен басқа да медицина саласының қызметкерлері бас қосқан жиынның алдында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайластықтың алдын алу мен оны болдырмауға бағытталған есікпе есік акциясы өткізілді. Акция кезінде аудандық емхананың бас дәрігері Мирас Жолдыбаев жемқорлықты түп-тамырымен жою жөнінде сөз сөйлеп, арнайы үнпарақшалар таратып берді.

Ораза ұстаған азаматтар ауыз ашып болған соң, имандылық, береке мен бірлік, жастарды патриоттық тәрбиелеу тақырыбында әңгіме-уағыздар айтылды. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, қаладағы «Қанай датқа» мөлтекауылының биі Есенгелді Сариев сөз сөйлеп, емхана ұжымына ниет қабыл болсын айтысты. Ауызашар соңынан аудандағы медицина саласының өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан, бүгінде фәнилік болған ақ халатты жандардың рухтарына бағышталып құран оқылды.

Дастарханға келген жұртшылық осындай іс-шараны өз деңгейінде өткізіп, сауапты іс қылған аудандық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова бастаған медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, ақсақалдар жағы ақ баталарын берісті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР