test
02-07-2024
15.3 C
Шымкент

«Мәңгілік ел» жастары индустрияға

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданының Ұзын ата ауылдық округінің мәдениет үйінде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары индустрияға» әлеуметтік жобасын мектеп бітіруші түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жобаны кеңінен ақпараттандырып таныстыру мақсатында сұранысы жоғары 9 облыстың жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Раушан Ғалымжанқызы аталған бағдарламаны кеңінен түсіндіріп, өз ақпараттарымен бөлісіп өтті. Бүгін «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен білім бөлімімен біргелікте Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі мектеп жасындағы балалар мен мектеп бітіруші түлектер арасында аутодеструктивті оқиғаларды алдын алу мақсатында ата-аналардың қатысуымен «Менің асқақ арманым» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Халықаралық отбасы күніне орай, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Ұзын ата ауылдық округінде «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты спорттық сайыс өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР