01-04-2022
16.3 C
Шымкент

«Менің бастауым-менің Отаным үшін!»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы  № 36 жалпы орта мектебі базасында «Менің бастауым-менің Отаным үшін!» тақырыбында облыстық шығармашылық жобалар байқауы болып өткені белгілі. Оған облысымыздың түкпір түкпірінен шығармашыл жастар қатысты. Ережеге сәйкес, төрт номинация бойынша Мақтарал ауданы оқушыларынан құралған топ құрамында қатынасқан сегіз оқушының төртеуі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Маздақ» әдеби шығармашылық үйірмесінің мүшелері еді. Олар өздерінің қалам қуатын танытып жүрген дарынды да талантты жастар. Отанды сүю, патриоттық тәрбие тақырыбында өз ойларын көркем тілмен әсемдеп ұсынды. Қазақтың қара сөзінен қаймақ айыратын жастардың қай қайсысы да осал болған жоқ. Бірінен бірі озған нағыз кіл жүйріктер болатын. Дегемен байқаудың аты байқау. Онда тек нағыз таланттылар ғана бәйге басынан көрінуге тиіс. Байқау қортындысында «Туған қалаға игі істер» аталымында Құлдырақ Расул мен Бекмахан Алмасқанның «Еңбек адамына құрмет-елге құрмет» шығармашылық жобасы жүлделі 2 орынды иеленсе, «Медиа жобалар» аталымында Шыназбек Айжанар мен Сұлтанбай Үміттің «Ата кәсіп-балаға нәсіп» шығармашылық жобасы «Үздік шығармашылық жоба» аталымымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР