02-09-2021
20.3 C
Шымкент

«Мамандық таңдау- маңызды қадам»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тәжірибелі психолог мамандары оқушылардың өз қызығушылықтарына, қабілеттеріне және жеке мінез құлықтарына сай келетін мамандықты ерікті түрде таңдауға көмектесу және жасөспірімдерді аутодеструктивті мінез құлықтан арылту, өмірдің қымбат екенін ұғындыра отырып өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету және алдын алу» тақырыбында мектеп оқушылары және психолог мамандарымен семинар тренинг өткізілді. А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектеп базасында «Мамандық таңдау- маңызды қадам» тақырыбында бітіруші 11 сынып оқушыларымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен семинар тренинг жүргізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты Семинар тренингке қатысқан қатысушылардың саны екі мектепті қоса алғанда 450-ге тарта болды. Аудандағы білім беру мекемелеріндегі барлық мектептердің психолог мамандары мен мектеп оқушылары қамтылды. Сондай ақ жастарды отансүйгіштікке баулу, өз елінің патриоты болуға үндеу тасталды. Семинар тренинг сабақ жоғарғы деңгейде өтіп, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлай білді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР