23-09-2021
24.3 C
Шымкент

Арманы орындалған ұлан

Ду­­лат Адыр­беков Оңтүстік Қазақстан облысындағы әскери кәсібиленген арнайы мекте­­біне түсіп, оны 1988 жылы бі­тірген. Сол кез­­дері ол генерал болуды ар­­мандаған сыңайлы. Сол жылы Киев­тегі М.Ф.Фрунзе атын­­дағы жалпы әскери командалық училищеге түсіп, 1992 жылы коман­­далық-так­­ти­­калық мото­­атқыш вз­воды мамандығы бойынша бітірген. 1992-2003 жылдары арнайы взвод командирі, рота командирінің орын­­басары, арнайы мақсаттағы жеке рота командирі, республикалық Ұлан­­­­ның оқу батальонының коман­­ди­­рі қызметтерін атқарған. Ия, осылайша Дулаттың әскери жұ­­мыстардағы өмір дерегін сыр­ғытып жаза беруге де болар еді. Дегенмен, ауылда өскен ұланның өз міндетіне барынша жауапкер­ші­лікпен қарап, елден тыс шет ел­­дерде білім алып, өз қызметіне беріл­­ген­­дегіне риза болмасыңа шара жоқ.Үстіміздегі жылдың 6 мамыр кү­ні Елбасының Жарлығымен Дулат Адырбековке Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткені үшін ге­­­­нерал — майор әскери атағы бе­­ріл­­ді. Бұл үлкен қуаныш. Отырар­­лық­тардың қуанышы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның қуа­­нышы, Дулаттың әкесі мен анасын сыйлап, қадірлейтін азаматтардың қуанышы. Дулат Темірғалиұлы 2003-2008 жылдары штаб бастығы-республи­калық Ұланның бі­­рінші полкы ко­­­мандирінің бі­рінші орын­­баса­­ры, штаб бастығы-десант­тық-шабуыл­­шы бригада­­сының ко­­ман­­ди­­рінің орын­­­­басары, 2008-2013 жылдары Аста­­­­на­­лық де­­­санттық-шабуыл­­дау­­­­­­­­шы брига­­­­дасының коман­­дирі, Қа­­­­зақ­­­­­­­стан­­­­дық бітімгершілік брига­­­­­дасы­­­­ның коман­дирі, Құрлық әскер­­ле­рі оқу орта­­лығының бастығы қыз­­­­мет­­­­­­те­рін атқар­ған. 2013-2015 жылдары — «Отар» 40 әскери база­­сы­ның бас­­тығы- «Оң­­түстік» әскер­­лер қолбас­­­­­­шы­­­­сының орынба­­сары. 2015-2016 жыл­­­­­­дары өңір­лік әскерлер қол­­бас­­шы­сының орын­­басары (жа­­уын­­­­герлік даярлық бойынша)- «Ба­тыс» өңірлік қолбас­шысы бас­­қар­­­­масы жауын­­­герлік даяр­­лық бө­­лі­­­­мінің бастығы міндеттерін ат­­қарған. 2016 жылдан – бас қол­­бас­­шы­­ның орын­­басары (тыл бойынша) тыл басқармасының бастығы.
Дулат Темірғалиұлы 2000 жылы Қа­зақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери академиясын бі­­тірген, 2–ші дәрежелі «Айбын» ор­­денімен және көптеген медальдар­­мен марапатталған ініміз Дулат Темірға­лиұлы Адыр­­бе­к­­овтің өмірдеректері осындай.
Жұмахан Әбдіқадыров,
Отырар ауданының
Құрметті азаматы,
доғарыстағы полиция подполковнигі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР