test
13-07-2024
35.3 C
Шымкент

Дәрілік өсімдіктерді дайындайды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығын дамыту жолға қойылып келеді. Жылыжай мен қарқынды бау егістігінің көлемін ұлғайту — жоспардағы жүйелі істердің бірі. Нұралы Әбіш — «Комби-строй» ЖШС-нің басшысы: «Жалпы, Отырар ауданы, Ордабасы ауданы 2 ауылдық округін газбен қамтамасыз етуге дайын болып тұр. Жалпы жоғары қысымды газдың ұзындығы  1км, ал тасымалдаушы газдың ұзындығы 52км. Оның диаметрі 560  шамасында. Сағатына 52мың куб газ өткізеді. Жалпы енді ішкі жүйелері болатын болса, жоғары қысымды газ құбырлары 2ауданға газ беруге толығымен дайын. Отырар ауданы толығымен,Ордабасы ауданы 2аулдық округы.Жалпы 42мың адам газбен қамтылады осы АГРС -те».

Марғұлан Марайым, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:- «Енді осы саланы газбен  елді қамту мақсатында биыл ОҚО-ның газдандырудың іс-шара жоспары қабылданды. Соған сәйкес 20 жылға біз қосымша 380-ге тарта елдімекенді газдандыруымыз керек. Әр жылға қаржылар есептелініп, қосылатын елдімекендердің есебі жасалынды.Ал, енді жалпы өткен жылмен салыстырып алатын болсақ,  былтыр облысымызда  25 елдімекенді газға қосу жұмысы  жүргізіледі. Соның нәтижесінде 25елдімекен газға қосылды.Биыл жалпы 70елді мекенді осындай құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр».  Шұбар ауылындағы «Сейітбек әулеті» мен «Бастау фарм»  серіктестерінің жұмысы қарқынды. Бұл мекемелер дәрілік өсімдіктерді және оның шикізаттарын дайындаумен айналысады. Ордабасы ауданында бүгінде 68 гектар жылыжай бар. Биыл тағы 15 гектар жылыжай қосу жоспарда бар. Сонымен қатар, қарқынды бау егу  мәселесі де жолға қойылып келеді. Бүгінгі таңда бұл алқап 452 гектарға жетті.

Н.Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР