21-09-2021
21.3 C
Шымкент

Көкөніс көптеп өсірілуде

Бүгінде ауылшаруашылығы саласында ауыспалы егіс тәсілі кеңінен қолданылуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі жоғары болып, әрі егістік жер де тыңаяды. Аты айтып тұрғандай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданы бүгінде мақта алқаптарын азайтып, оның орнына картоп, көкөніс және бақша дақылдары мен жеміс-жидек және жүзім дақылдары егілді. Мақтарал ауданында техникалық дақылдың көлемі 3 мың гектарға азайып отыр. Бұл өз кезегінде аудандағы көкөніс шаруашылығының көркеюіне көп үлес қосатын болады. Бұл мақтадан да артық көп өнім береді деген сөз. Алыс та жақын шетелдерге өнімдерін экспорттап келген аудан алдағы уақытта көкөніс те, жеміс жидек те экспорттайтын болады. Онсыз да қауыны мен қарбызын қыр асырып жүрген мақтаралдықтарға аталған өнімдерді өндіру қиынға соқпасы анық.  Ағымдағы жылы болжамдық егіс құрылымына сәйкес, дәнді және бұршақты дақылдар 13884 га, техникалық дақылдар 80513,8 га (былтыр 83609,8 га-ға мақта егілген), картоп, көкөніс және бақша дақылдары 34020,9 га, мал азықтық дақылдары 9535,9 га егіледі деп күтіліп, бүгінде аудан шаруалары 890,2 га жерге түрлі көкөніс дақылдарын, 4562,2 га жерге бақша, 890,3 га жерге жаңа жоңышқа, 41 га жерге бау және жүзім екпелерін отырғызылған болатын. Мұнан бөлек, аудан көлемінде 947 га жерге жеміс-жидек және жүзім дақылдары өсіріліп жатыр. Бір ғана шаруашылықта тынымсыз еңбектің арқасында шаруалар өткен жылы 180 тоннағы жуық өнімге қол жеткізген. Сонымен қатар, аудан көлемінде 425,6 гектар жерге жеміс-жидек дақылдары орналастырылған болса, оның ішінде 105, 46 гектары қарқынды бау. Айта кетерлігі, еселі еңбектің жануына ауданда ұзындығы 2,7 мың шақырым болатын 1316 су арнасы сайланып, 182 жаңа техника алынбақ. Сонымен бірге, аудан басшысы өткен 2016 жылы Мақтааралда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің көлемі 64 млрд. 489,7 млн. теңгені құрап 2015 жылмен салыстырғанда 4,8 млрд теңгеге артқан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР