16-04-2024
17.3 C
Шымкент

«Оңтүстік цирк» ұжымы көрме құрметіне шоу ұсынды

ЭКСПО-ға сый! Күнгей облыстың таңдаулы өнер ұжымдарының бірі — «Оңтүстік цирк» мекемесі Халықаралық көрме мерейіне тамаша тарту жасады. «Болашақ энергиясы» атты шоу қала тұрғындарына демалыс күні рухани азық сыйлады. Заманауи жарық эффектілері Астанада өткен дүбірлі доданы көз алдына әкелді. Сенбіде ұл-қызымен сейіл құруға шыққан көпшілік «Қиял әлемінде» таңғажайып көріністерге куә болды. Өнер ұжымының талантты әртістері мен шоу-балет бишілері бұл кеште көрме ентаңбасын назардан тыс қалдырған жоқ. Түрлі образдарға еніп, кеш ажарын ашты. Арман Әлиев –  «Оңтүстік цирк» МКМ-нің директоры: «Айтулы шара кезінде үнсіз қалу мүмкін емес. «Оңтүстік цирк» оркестрінің есеп беру концертін халық ортасында —  «Қиял әлемі» саябағында өткізуді жөн көрдік. Елге мереке сыйлағымыз келді.

«Болашақ энергиясы» деп аталған думан екі бөлімнен тұрды. «ХБЭНД» джаз оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ әндері мен шетелдік туындылар жанды дауыста шырқалды. Музыкалық аспаптардан шыққан сан түрлі әуен көрерменді ерекше сергітті. » Нұрболат Ахметжанов – Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «ХБЭНД» оркестріне Қазақстанның белгілі артистері қосыла өнер көрсетеді. Бұл өз кезегінде мәдениет майталмандарының бірлесіп, ЭКСПО көрмесіне қосқан үлесі». Күллі дүниені дүрліктірген көрмеге әр өңір өзінше үн қосуда. Мақсат- Халықаралық дәрежедегі көрменің деңгейін көтеріп, ел абыройын асыру. Өз жерімізде 115 елдің туы желбіреген тұста Қазақстанның ел қызығар мәдени байлығын көрсетіп, дүйім жұртты тәнті ету – кез-келген азаматқа парыз.

ШОЛПАН Аязбаева

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР