15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Әлеуметке керемет сый жасады

Шымкент — менің қалам! Оңтүстік Қазақстан облысы орталығында туған қаласы десе, өзегін суырып беруге әзір бір азамат тұрады. Тұрмысы ортаңқол патриот тұлға көшесін көгалдандырып қана қоймай, жеке қаражатына аялдама салған. Шымкенттік Асылхан Ағмановты біреу білер, біреу білмес. «Атадан мал емес, тал қалсын!» деген тәмсілді басшылыққа алған сауапты істің жанашырымен тілшіміз сұхбаттасып қайтты. Шымкент қаласы,   Еңбекші ауданына қарасты   «Айдын» көшесіне жолыңыз түссе, келіңіз.  Мұнда  көпке үлгі болар  —  іс жетерлік.  Бұрын  бұл жердің  шаңы  көтеріліп жататын.   Аялдама да болмапты… «Қария кісілер мен балалардың аяқтан тік тұрып, автобус тосып тұра­ты­нын көргенде оларға жаным ашитын. Сосын аялдама салу ойыма келді»,  –  дейді  Асекең. Асылхан Ағманов — 65 жаста. Зейнеткер.  Қазір қолы қалт етсе,  көше  маңын  қоқыстан  тазалайды. Тал-дарақтарды суарып,  гүлдерді  күтіп баптайды. Мұнда  120 түп терек егілген. Көз жауын алар гүлдердің де сан түрі жайқалып тұр.   Сауапты істің жанашыры   алдағы  жоспарын  да  айтты.  Енді, жолдың екінші бетін  көгалдандыруды  қолға  алмақ  ниетте.   Көрші  — қолаң да  қолдап,  құптап  отыр. Бүгінде мұндай іс көп адамның қолынан келсе де, мойны жар бермейді. Әсіресе, сананы тұрмыс билеген заманда. Шымкенттің біраз жерінде аялдама тапшы екенін ескерсек, қа­рияның халық қамын ойлап, бір зейнетақысына аялдама салуы – рухани жаңғыру тұсында азаматтық!

НҰРЛАН Әлімбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР