test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жеңіл өнеркәсіп үздіктері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жеңіл өнеркәсіп саласы қарқынды даму үстінде. Бүгінде өңіріміз шикізат секторынан өңдеуші секторға өту үшін тиісті қадамдар жасауда. Жеңілөнеркәсіпшілер мерекесі қарсаңында түстік облыстың белгілі тауар өндірушілері арнайы грамоталармен марапатталды. Мұндай құрметке облысымыздағы 12 кәсіпорынның қызметкерлері ие болды. Облысымызда өткен жылдың 4 айында 5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Биыл бұл көрсеткіш 7 млрд. теңгеден асты. Өткен жылдың аталмыш кезеңімен есептегенде, жеңілөнеркәсіпшілер өндірген өнім көлемі  2,2 пайызға өскен. Еліміз бойынша  өсірілетін  мақтаның 100 пайызы  — біздің облыста.Сондықтан тоқыма өнеркәсібін дамыту үшін арнайы экономикалық аймақ ашылған болатын. Мұнда бүгінде кілем тоқу жолға қойылды. «Бал текстиль», «Назар текстиль» тауар белгілері  Еуразиялық  экономикалық одаққа белгілі.  Сонымен бірге «Гаухар», «Әлем БТ» сауда белгілері   халыққа танымал болып үлгерген.  Көрсетілген құрметке  тоқымашылар алғысын білдірді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасын өздерінің өтініш-тілектерін де жеткізді. Онда өнімдерді насихаттау мен жарнамалау жағы кемшін түсіп жатқаны айтылды. Сонымен бірге, байқауларға қатыса алмай,  қалып қойып жатқаны да сөз болды. Сала жетекшісі  бұл мәселелерге алдағы уақытта баса назар аударатынын жеткізді.Батырхан Құрмансейіт – Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы: «Бір салада жүргеннен кейін бәсекелестік те болуы мүмкін. Бірақ  бәсекелестік ол сапаның жақсартуға алып келу керек. Біздің саясатымызда білесіздер, Үкіметтің саясатын білесіздер, шикізаттан алшақтап  өндіріс, өңдеуші саласында, оның ішінде мынау беріп қойған бізге Оңтүстікте жеңіл өнеркәсіпке көп көңіл бөліп жатыр».

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР