Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай шеттегі ауылдарына дейін абаттандырылуда. Тақтайдай түзу жолдар, тіпті таудың етегінде орналасқан кейбір ауылдарға дейін табиғи газ тартылған. Облыс орталығына жақын орналасқан Төле би ауданындағы Сарқырама ауылы абаттандырылып, заманауи игіліктердің бәріне қол жеткізуде. Жасыл желегі жайқалған ауыл курортты мекен деп атауға лайық-ақ. Біркелкі қоршалған үйлердің алдына түрлі сәнді ағаштар отырғызылып, көгалдандырылып жатыр. Ақсу өзенін бойлай орналасқан Сарқырама ауылы күннен-күнге көріктеніп келеді. Орталық көшелерге орнатылған әртүрлі аңдардың тас мүсіні де көшеге көрік беріп тұр. Табиғи тастардан жасалған барыс пен бүркіттің, лағын ерткен елік бейнесінің таңдалып алуы да тегін емес. Өйткені аталған аң-құстар осынау өзен бойында кездеседі. Екі жарым мың шақырымды алып жатқан орталық көше бойындағы үйлердің сырты біркелкі қоршалып, 300 сәнді ағаш пен 3 мыңнан астам раушан гүлі егіліп жатыр. Онсыз да табиғаты тамаша ауданның көркін одан сайын ашып тұр. Жергілікті билік тарапынан көтерілген бастамаға ауыл тұрғындары бір кісідей атсаылсуда. Қолдарына күрек алып, үйлерінің алдын көріктендіріп жатыр. Бұрын-соңды жарықтандырылмаған орталық көшенің бойына бағаналар орнатылған. Ал жаңартылған арық атыздардан ағып жатқан судың айналадағы жасыл желекті күтіп-баптауда көмегі зор. Анау мынау қаланың өзін шаң қаптырардай.