Еліміздің мерейін асыратын халықаралық “EХРО-2017” көремесі бүгінде өңірлерде де атсалысуда. Халықаралық көрмеге арналған жылжымалы сурет керуені оңтүстікке аялдады. Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы көрмеге арналған туындылары алдымен күнгейге әкеліп таныстыруды құп көріпті. Көрмеге қойылған суреттердің барлығы да кәсіби суретшілердің қолынан шыққан тың туындылар. Мұндағы әр сурет адамға терең ой саларлықтай. Қоғамдағы қайбір құбылысты дөп суреттеп, адам жанының төрінен орын алады. Суретшілердің барлығы да еліміздің мерейін асыратын көрмеге атсалысудан сырт қалуды қаламапты. “Ширек ғасыр өрнектері – 25 х 25” атты көрмеге тек Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының педагогтары мен шәкірттері атсалысты. Аталған көрмеге қылқалам шеберлерінің тың туындыларынан бөлек еліміздегі аты аңызға айналған тұлғалар мен еңбеккерлердің қолынан шыққан дүниелерді де қойылды. Ал игі бастаманы қолға алған белсенді топтың айтуынша, бейнелеу өнерінің тақырыппен тоғысуы үшін шежірені қаузаған. Оңтүстікқазақстандықтар әлем назары ауған “Expo-2017” көрмесіне ұсынылатын еңбектерді алғашқылардың бірі болып тамашалай алды. Көрмеге келушілерді әсіресе ұлттық нақыштағы шығармалар қызықтырыпты. Айта өтейік, “Expo-2017” халықаралық көрмесінің “жылжымалы керуені “аясында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұжымы күнгейге арнайы келіп, бір емес, 100-ден астам бейнелеу өнері және гобелен-кілемшелерін тұрғындарға таныстыра алды. Көрме керемет туындыларымен қызықтыра алды.