Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Ерлан Садырдың 2017 жылдың 30 мамырында бекіткен кестесіне сәйкес, Сайрам ауданында Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Өрлеу» жобасы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы аясында оқыту семинары өткізілді.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ашып жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева баяндама жасаса, «Өрлеу» жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Н.Сейдуллаева және«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын Оңтүстік Қазақстан Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы З.Кадирова түсіндірді. Семинарға ауыл округтерінің әкімдері, Оңтүстік Қазақстан Облыстық кірістер басқармасының мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.