Облысымызда 3000 науқас ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар тізімінде тұрады. Олардың 269-ы – бейкүнә балалар. Қауіпті дертке шалдыққандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Шымкентте бүгін халықаралық семинар ұйымдастырылды. Басқосуда Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Еуропа елінің ақ халаттылары пікір алмасып, науқастарды емдеудің жаңа тәсілдерін талқылады. Мұқан Егізбаев — Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыБіріншісі — ықтимал және тәуекел факторларын анықтау. Екінші бағыт — ВИЧ инфекциясының облыстық емдеу мекемелеріне таралуына жол бермеу, үшіншісі — осы дертке шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына психоәлеуметтік реабилитациялық жәрдемді үздіксіз ұйымдастыру болмақ.Науқас жандардан өзгелердің оқшауланып, өгей көзқарас танытуы – баласы айықпас дертке шалдыққан отбасылар үшін жығылған үстіне жұдырық болып тиюде. Бұл істе инфекция жұқтырған сәбидің ата-анасының жәрдемі өте маңызды. Психологтар мен дәрігерлерге де талай тер төгуге тура келеді. Әр балаға ВИЧ инфекциясына шалдығуына оның кінәсі жоқтығы, алдағы өмірінде осы дертпен қалай өткізетіні туралы айтылуы қажет.Руслан Манюта — «ЮНИСЕФ» ұйымының ТМД елдері бойынша аймақтық кеңесшісі «Науқас балалар өздерінің ВИЧ инфекциясын жұқтырғандары жайлы міндетті түрде білулері керек. Әлемдік медицина талабы осындай. Аталған жайтқа қоғамның әлі толық дайын еместігі кедергі болуда. Бұл мәселе ТМД елдерінің дәрігерлері бас қосқан жиында жіті талқыланды». Дәрігерлерге әлі де алаңдауға негіз бар. Бұрын әлемде ВИЧ инфекциясының таралу жолы есірткіге еліткендер мен жыныстық қатынастың бей-берекетсіздігімен байланыстырылса, қан құюдан да қатер күшеюде. Ресейден келген делегация ВИЧ инфекциясымен күрестің білгірлері саналады. Олар оңтүстік дәрігерлерін өз клиникаларында даярлықтан өтуге шақырды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жақсы ұсынысты қабыл алып отыр.
САТТАР Есімбеков