test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жедел жәрдем қызметкерлері жарысты

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы саябақта ерекше сайыс ұйымдастырылды. Медицина мамандарының кәсіби мерекесіне орай жедел-жәрдем қызметкерлері жарысқа шықты. Байқау олардың кәсіби шеберліктерін сынауға арналды. «Шымкент –Термез» тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Қалааралық автобус «КаМаз» жүк көлігіне соқтығысып,  жолаушылар түгел жарақат алған. Апатқа ұшыраған көліктің ішінде жүкті аналар мен балалар да бар. Оқиға орнынан хабар алған жедел-жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетті.Мұндай оқиғалар жедел-жәрдем қызметкерлері үшін таңсық емес. Дәрігерлер жол апаты салдарынан жапа шегетіндермен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, олар жарақат алған азаматтарға алғашқы көмек көрсетуде еш қиналған жоқ.  Бүгінгі байқаудың сценариі дәл осылай басталды.Адам жанының арашасы — ақ желеңді абзал жандардың еңбегі қашан да жоғары. Кәсіби шеберліктері бойынша сынға түскен жедел-жәрдем дәрігерлері  түрлі бағытта бақ сынады. Басты байлық — адам және оның денсаулықтарына асқан жауапкершілікпен  қарайтындарын дәлелдеп бақты.«Сайысқа қатысушы топтарды түгелдей дерлік өз қызметіне сақадай-сай деп айтуға болмайды». Жарыс барысын бағамдаған төрешілер осылай дейді. Жалпы, Шымкентте 9 жедел жәрдем бекеті бар. Оларда 360 дәрігер, 580 фельдшер жұмыс істейді. Қала тұрғындарына ұзын-ырғасы 80 бригада қызмет көрсетеді. Жарыс нәтижесі 5 аталым бойынша қорытындыланып, жүлделі орындар анықталды.  Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

АҚНҰР Маханбетқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР