05-09-2021
36.3 C
Шымкент

150 оқушы — Астана төрінде

Еліміз үшін маңызы ерек «Болашақ энергиясы» жобасын тамашалауға түстік өңірден 4 мыңға жуық оқушы барады. Бұл тізімде ОҚО облыстағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер, оқуда озат және қоғамдық жұмыстарда белсенді шәкірттер бар. Жас жолаушылардың алғашқы легі, 150 бала күні кеше Астанаға жетті. Оқушылардың ұлы дала төрінде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне баруын Zhana Talap туристік агенттігі ұйымдастырған. Сапар 4 күнге созылады. Туристік компанияның директоры Денис Жәрменовтың айтуынша, балалар көрмеге  11 топқа бөлініп аттанады.  Бұл барыс-келіс 2  айды қамтиды.Денис  Жәрменов — «Жаңа  талап»  туристік  компаниясының  директоры Республикамыз  бойынша  бастау  алған  бұл  игілікті  іске туризм  саласының  мамандары  ат  салысып  отыр. Компанияның  қызметкерлері мен  педагогтар  балалардың  қасында арнайы  болады. Осылайша,  тәуелсіз  еліміздің  төл  перзенттері мемлекеттік  маңызы  бар  басқосуға  қатысып, тамаша көңіл-күймен  туған  елге  оралатын  болады.Бас шаһарға жетісімен оқушылар Назарбаев университетінің  жатақханасына  орналасты. Сондай-ақ, халықаралық көрме қызығын тамашалап,  кестеге  сәйкес, мәдени іс-шараларға қатысуда. Балалардың қауіпсіз қыдырып, сәтті саяхаттауы қырағы назарда.  «ЭКСПО» ғажаптарын түстіктің 50-ге тарта кәсіпкері тамашаладыОсы ретте, Астанаға облысымыздың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров бастаған топ та барып жетті. Өңіріміздің 50-ге тарта белсенді кәсіпкері мен палата қызметкерлері көрмеде жаһан жаңалығымен танысып, алпауыт мемлекеттер ұсынған өнімдерді көріп шықты. Бұл өз кезегінде шетелдік бизнесмендермен тәжірибе алмасып, отандық нарықтағы тауар сапасын арттыруға да үлкен септігін тигізбек.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР