test
07-07-2024
25.3 C
Шымкент

Қос кент көркейіп келеді

ОҚО-дағы Мақтарал күн санап көркейіп келеді. Ауданда абаттандыру жұмыстары жанданған. Тұрғындардың санитарлық тазалықты сақтауға деген көзқарасы да оң. Мырзакент және Асықата. Қос кенттің тотыдайын тарануына «Мақтарал аудандық әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы» серіктестігі білек сыбана кірісіп кетті. Ауданды көркейту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25 млн.  теңге бөлінген. Мырзакенттегі орталық көшеде қазір арық-атыздар қайта қазылып жатыр.  Ағын суды ауадай қажет ететін тұрғындардың қуанышында шек жоқ.  Сондай-ақ, орталық базардың бойында орналасқан ретсіз сауда орындары жойылды. Жол иегінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ ашылмақ. Бұл іске  16 жұмысшы, 4 техника екі ауысым бойынша жұмылған.Көпқабатты тұрғынүйлердің ауласына күл-қоқыс тастайтын контейнерлер қойылмақ. Асықата кентін көркейту жұмысына аудан қоржынынан  26 млн. теңге бөлінді.  Қарқынды жұмыс өркениетті жетістікке бастайтын жол ашты. Тұрғындардың тұрмыстық қалдықтары қайта өңделмек. Қажетсіз қалдықтардан пластик өнімдерін өндіретін цех іске қосылады. Осылайша, коммуналдық бөлім қызметкерлері табыс табудың көзін ашып отыр. Коммуналдық шаруашылық қарамағында 3 041 отбасы бар. Олардың 2600-ы келісімшартқа тұрған. Мекеме мамандарының айтуынша, қазір тұрғындардың санитарлық тазалықты сақтауға байланысты құлшынысы артқан. Тазалық – иманның жартысы. Денсаулық кепілі екенін жіті түсініп келеді.

АҚНҰР Маханбетқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР