test
03-07-2024
29.3 C
Шымкент

Жастар кеңесі жастарға сенім артты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында аудан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды. Жиынды алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры — Меңілбаев Талғат Базарханұлы «Маргиналды жастар, есепте тұрған, тәуекел топқа жататын жастар және аудан жастары арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасаса, «Ана мен бала өлімінің алдын алу және жас отбасыларға қолдау көрсету, жастар арасында суицит пен ерте жүктіліктің алдын алу» шаралары бойынша аудандық емхананың бас дәрігері — Шырынбеков Файзулла Серікбайұлы атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы баяндап өтті. Келесі сөз Шәуілдір, Қоғам, Талапты ауыл округі әкімдері жастар саясаты бойынша атқарған жұмыстары туралы слайдтармен баяндама жасап, жастар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті ауыл округі әкімдері нақты жауаптар қайтарды. Кеңесте аудан әкімінің орынбасары П. Жаппарқұлов қорытынды сөз сөйлеп, тиісті сала басшылары мен ауыл округі әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жастардың әскер қатарына шақырылуы мен жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында атқарылған жұмыстары мен Аудан жастары арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу (ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, ажырасу, нашақорлық т.б) бойынша жастар ресурстық орталығының психологы мен аудандық білім бөлімінің басшысына мектептердің психологтарымен бірлесіп өткізілген тренинг, сауықтыру ойындары т.б атқарылған және алдағы уақыттар атқарылатын жұмыстар жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, жиын соңында естелікке суретке түсіп, тарқасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР