06-09-2021
22.3 C
Шымкент

Отбасы басты құндылық

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамашылық етуімен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты пилоттық жобаны іске асыру басталды.Осы жобаны іске асыру мақсатында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау және оларға тиісті көмек көрсетуге бағытталған бірнеше іс-шараларды өткізуге бағытталған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оларға кеңес береді; балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, балалар арасында суицидтың, құқықбұзушылықты алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің тимділігін зерделеуде; семинар-тренингтерді, дәрістерді, ата-аналар жиналысын өткізеді, педагогикалық қызметкерлермен кездесіп, үй-үйді аралайды; патриотизмді арттыру, отбасылық құңдылықтарды дамыту және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кең ауқымды насихат жұмысын жүргізуде.Қазіргі таңда Сарыағаш ауданының Жамбыл, Алімтау, Бірлесу, Қошқар ата, Ақтөбе, Бозай, Бірлік және Ошақты ауылдық округтерінің педагог қауымы мен жергілікті тұрғындармен кездесулер өтті.
Педагог қауымы мен ата-ана жұртшылығымен кездесулер өткізудің аясында тұрғындармен кері байланыс орнату үшін өтініштерді «Прокурорға хат» жәшігі арқылы қабылдау ұйымдастырылды. Осыған орай, әлеуметтік, жер, медициналық және экономикалық мәселелер бойынша 20-дан астам өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеліп, оларды қарау бойынша жұмыс басталды. Сонымен бірге, ведомствоаралық жұмыс тобы жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтік педагогтарына тиісті әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР