test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында аудандық туристік көпсайыс өтті. Мекеме жоспарына сәйкес Жас туристер станциясы базасында «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты тақырыппен аудандық туристік көпсайыс болып өтті. Туристік көпсайысқа аудан мектептерінен 30-дан аса үйірмешілер қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс 6 бөлімнен тұрды: маятниктен секіру;мұртшалар арқылы қозғалу;асылма өткелден өту;балшықтан өту;өзеннен өту; шатыр құру.Сайыс қызықты да тартысты болды,әсіресе, командалар шатыр құруда жылдамдық пен ұйымшылдық көрсетті. Командалық ауызбіршілік пен шапшаңдықты талап ететін сайыста 1-орынды Көкмардан жалпы орта мектебі (жетекшісі: Н.Жүнісбеков) 2-орынды Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі (жетекшісі: Б.Айшықов) және Жамбыл атындағы мектеп лицейі (жетекшісі: Ғ.Сарыпбеков) еншілесе 3-орынды С.Әшіров (жетекшісі: С.Шайхсламов), Шәмші (жетекшісі: М.Омашев), Темір мектептері(жетекшісі: Ә.Бердібек) қанжығаларына байлады.Жарыс соңында белсенді жас туристерге мақтау қағаздары табыс етілді. Жарыстың басты мақсаты балаларды туған өлке тарихымен таныстыру, оларды паотриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алдағы уақытта мұндай байқаулар көптеп ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР