test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«ЭКСПО- 2017» — болашақ бағдары

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырып келеді. Соның бір дәлелі ретінде EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуы. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтіп жатқаны белгілі. Халықаралық көрменінің маңыздылығын аудан халқына және оқушыларымызға кеңінен насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданының кәсіпкерлік бөлімі мен Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «EXPO 2017-болашақ бағдары» атты ақпараттық автокеруен болып өтті. Іс-шара қатысушыларына ақ жол тілеген аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы халықаралық көрменің ел экономикасына тың серпін беретінін және еліміздің халықаралық имиджін көтеріп қана қоймай, туристік кластердің дамуына ықпал беретініне ерекше тоқталды. Көрме аясында Жібек жолы бойында орналасқан ауданымыз үшін де пайдасы орасан екенін айта келіп автокеруен қатысушыларына сәттілік тілеп,шығарып салды. Шара аудан орталығынан басталып, Ынталы, Мыңшұқыр, Қоғам, Арыстанбаб, Талапты елді мекендерімен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР