test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ерекше оқытуды қажет ететін балалар ЭКСПО-ға жол тартты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласындағы ерекше оқытуды қажет ететін 50 жас ЭКСПО-ға жол тартты. Облыстық арнайы кәсіптік колледж студенттерінің бас қалаға сапарын қалалық маслихат депутаттары қаржыландырды. Кентау қаласында орналасқан облыстық арнайы кәсіптік колледжде 80 жас білім алады. Бірі дүние есігін ашқаннан, ал, басқасы жүре келе түрлі  сал ауруларына шалдыққан. Демеушілер қасиетті айдағы жақсылықтарын елге жасаған қызметіміз, — деп біледі. Айдана Жораева — облыстық арнаулы кәсіптік колледждің студенті. Тігінші мамандығы бойынша білім алуда. Тағдыр тәлкегіне мойымастан, ән салып, киім тігіп,  бір кісідей бақытты өмір кешуде. Бүкіл әлем кереметтерін көрсететін халықаралық ЭКСПО көрмесіне қонақ болатынына дән риза. Осындай қамқорлық үшін  демеуші ағаларына шексіз алғысын жеткізді. Айта кетейік, Еуразия кіндігінде орналасқан Астана төріндегі көрмеге Кентау қаласынан 4000-нан астам азамат барады деп жоспарлануда.  Олардың алғашқы легі өткен аптада жетті. Халықаралық жобаны тамашалаушы кентаулықтардың келесі толқынын осы мүмкіндігі шектеулі жандар толықтырып отыр.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР