test
11-07-2024
21.3 C
Шымкент

Ұлттар татулығы басты назарда

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі  аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жас қазақ» пікірсайысшылар одағы» мен «Жас Отан» жастар қанаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының  ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімді жүзеге асырудағы Этномәдени бірлестіктердің қызметі  және  «Қоғамдық келісімді» дамытудағы этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы алатын орны» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. «Жас қазақ» пікірсайысшылар одағының»  өкілі Ергешов Ақназар: «Бұл жоба ел бірлігін сақтауға өте үлкен септігін тигізеді. Кәзіргі таңда еліміз тыныш, халқымыз тату. Мұның барлығы елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында. Этномәдени бірлестіктердің татулығы тыныштықтың кепілі. Бәріне аян Қазақстанда 130 дан аса ұлт пен ұлыс ынтымағы жарасып өмір кешіп келеді. Президентіміз “Қазақстан – қазақстандықтар үшін»-, деп ұран тастап ешқандай ұлтшылдыққа жол берілмейтінін жеткізіп, ұлтжанды болуға шақыруында ел бірлігін сақтау сынды лкен идеялогия жатқанын айтты.   Жалпы қатысушылар жан-жақтан жиналды, әр түрлі ұлт өкілдері  өз ойларын білдіріп конференцияның  жақсы  өтуіне ықпал жасады. Татулық пен бірлік, ынтымақ пен берекенің ұйытқысы болған облысымызда әрдайым осындай бірлікке шақырған шаралар ұйымдастырылп тұрады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР