test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Болашақ әскерилер сайысқа түсті

Қазақстан Республикасы Полициясының  25 жылдығына  орай  Қазақстан республикасы Ішкі Істер министрлігіне қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы  «Нұр Отан» партиясы жанындаєы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалымен бірлесе отырып ұйымдастырылєан «Бір күндік қызмет» акциясы өте керемет өтті. Акция барысында оқу орталығы басшылығымен кездесу, оқу ғимаратымен таныстыру (генералдар кабинеті, музей, сот залы, спорт залы, акт залы), макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу және жинақтау жаттығу сабағы (атыс тирі), әскери қызметшілер және олардың арасында өзара қарым қатынастар (плац), криминалистика және арнайы техника полигандарында тәжірибе сабағы (криминалистика полигоны), тыңдаушылар жатақханасын аралап полиция қызметкерлерінің бір күндік өмірімен танысты. Одан қалса IIО құқықтық негіздері, міндеттері мен функциялары, жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру тақырыбында сабақ жүргізілді. Негізінде Ішкі Істер министрлігіне қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы еліміздегі мақтаулы оқу ордаларының бірі. Болашақ офицерлерді даярлайтын оқу ордасы әрдайым білімді де білікті маман дарялауда биіктерден көрініп келеді. Алдағы уақытта да оқу сапасын жақсарту мақсатында көптеген игі істерге мұрындық болуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР