17-04-2024
20.3 C
Шымкент

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — баршаға ортақ жетістік

Міндетті әлеуметтің медициналық сақтандыру — денсаулығын ойлаған әрбір азамат үшін қажет бағдарлама. Осы жобаны түсіндіру үшін елімізде «Қазақстандық 500 ірі кәсіпорын» акциясы өтуде. Осы акция аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Су ресурстары маркетинг» мекемесінде маңызды бағдарлама мақсаты айтылды. Медициналық сақтандыру-халықтың  денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Ол міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Қорға жинаған  қаражаты есебінен  азаматтар  медициналық қөмек алуына кепілдік беріледі. Елімізде 8 миллион адамға екпе егілу керек. Алайда, соңғы кездері бұл шарадан бас тартатындардың қатары көбейген. Дамыған 30 елдің  қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан отандық медицинаны еуропалық талаптарға сәйкестендіруді  көздеп   отыр. Жиында  Ұлт жоспарына сай міндетті медициналық — әлеуметтік сақтандыру қоры құрылатыны және  жаңа реформа жасалатыны жөнінде кеңінен  айтылды.Найля  Киікбаева   — Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті ОҚО бойынша департаментінің  бөлім басшысы «Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруды бәрімізге белгілі осы биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап біздің мемлекет заң бойынша жұмыс берушілерменен жеке ткәсіпкерлер жарнамаларын,төлемақыларын төлейтін болыды. 1-шілдеден бастап жұмыс  беруші әр жалданған жұмыскері үшін 1пайыз жалақыдан төлейтін болды. Жеке кәсіпкер өзі үшін 2минималдық айлықтан 5пайызды төлейтін болды. Бүгінгі күнде 2445тг 90тиін болып тұр. Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруды жүйесі келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмысқа енетін болады.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР