test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Акция жалғасын табуда

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың тапсырмасымен ауданда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес бағытындағы заңдар мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларынан туындайтын міндеттерге сәйкес «Парасыз болашаққа. Бірге» акциясы аясында мобильді топ құрылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын.
Жұмыс кестесіне сәйкес мобильді топ Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елдімекендерде болып, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі аппаратының заң, персоналды басқару және ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ, белсенді қоғам өкілдері қатысты.  Мобильді топтың басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Мұндай шараларды көптеп өткізудің еш артықтығы жоқ әрине.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР