13-09-2021
11.3 C
Шымкент

Денсаулық қызметінде қырағымыз

Еліміз егемендік алғалы денсаулық сақтау саласында бірнеше дүркін тың өзгерісті бастан кештік. Дамыған мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы жағымды жақтары сарапталды, олар халық игілігі үшін салаға ендіріліп, қолға алынуда. Медицина ғылымы дамып, жаңа технологияларды игеру және енгізу, халықаралық стандарттарға көшу шаралары одан әрі жалғасуда. “Ақсукент” Сайрам аудандық емханасы медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы бар, акредиттелген мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорын болып саналады. Аталған емхана Ақсукент, Ақбұлақ, Жібек жолы, Қарамұрт, Қарасу, Қайнарбұлақ, Манкент ауылдық округтерінің тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетеді. Мұндағы халыққа 7 медициналық, 13 фельдшерлік-акушерлік тірек, 5 дәрігерлік амбулатория, 2 ауылдық емхана, 1 аудандық емхана, жедел медициналық жәрдем стансасы қызмет етіп, көңілден шығып жүр. Емханада 196 дәрігер бар болса, соның 92 пайызы жоғары санатты, 637-сі орта буын медицина қызметкері. Олардың қатарында медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігерлер мен жоғары санатты орта буын медицина қызметкерлері бар. Денсаулық сақтау саласына қосқан үлестері үшін олардың бірқатары мемлекеттік, халықаралық наградалармен марапатталған және “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі” құрметті атағына ие болған.
Емхананың материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығайып келеді: функционалдық, сәулелік, рентгенттік және зертханалық тексерулерге қажетті аспап-аппараттармен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР