test
11-07-2024
21.3 C
Шымкент

Кеңестің кезекті отырысы

ОҚО Отырар аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ.Қыдыр биылғы жылдың бес айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. «Жібек жолы» даңғылы бойында 36 жеке тұрғын үй, 13 көпқабатты тұрғын үй, 7 әлеуметтік салаға қатысты мекемелердің, 8 бюджеттік мекемелердің ғимараттары, 34 кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттар мен 40-тан аса көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан кәсіпкерлік нысандар, барлығы 74-тен аса кәсіпкерлік нысандар орналасқан.  Мұнан соң мінберге шыққан аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек аудан әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен қолға алынған аудан орталығын абаттандыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы айтты.
Жиында ТҮ-КШ ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары А.Құдайбергенов аудандағы саябақтар мен демалыс орындары және кәріз жүйелері мен аяқжолдар, сондай-ақ, спорт және балалар ойын алаңшалары т.б. нысандардың ретке келтірілгенін атап өтті. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенова аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселелер жөнінде есеп берді. Бөлім басшысы бюджеттен үнемделген 82 млн. теңгені ең өзекті деген салаларға бөліп беру қажеттігін кеңес мүшелеріне баяндады. Аталған мәселелелр бойынша кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойды. Сауалдарына жауап алған кеңес мүшелері төрт баяндамашының есептеріне оң бағаларын берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР