test
03-07-2024
25.3 C
Шымкент

Атадан тал қалсын

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталар сөзінің мағынасы тереңде. Бұл мақалды әр қазақ отбасы ұран етіп, бау-бақшасына ұл-қыздарымен ағаш отырғызуға асығады. Ағаш егіп, мал баққан қазақ берекені де осы екеуі деп есептейді. Еңбек етіп көк отырғызған соң, оны күтіп-баптап, табиғат-анаға құрмет көрсетуді перзенттік парыз деп өскелең ұрпаққа дәріптеп отырады.
Табиғат пен адам тығыз байланысты. Ондағы жан-жануар, өсімдік пен тау-тас, өзен-көлдер бәрі-бәрі біздердің баға жетпес қазынамыз. Бұл байлықты қорғай білу, жас баладан бастап қарт кісілерге де міндеттеледі. Осы ретте ОҚО Бәйдібек ауданы Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты Боралдай орманшылығында №3 айналымдағы өсімдіктер әлемін сақтау, жас көшет отырғызу, көгалдандыру жұмыстары тиісінше атқарылуда.Ерте көктемде ашық алаңқайларға қара ағаш және жеміс талдары 20 га жерге мыңнан аса сары өрік, алма жеміс көшеттері егілді. Көшет ауаны тазартып қана қоймай, қондырылған жерге көрік беріп, ажарландырады. Сондықтан бос жатқан жерлерді орманмен көмкерсек, тынысымыз кеңіп, денсаулығымызға да едәуір көмек болар еді. Барша аудан тұрғындарына ағаш егуге атсалысып, кесуге жол бермейік деп айтқым келеді.

Е.ҚЫДЫРӘЛИЕВ,
Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты Боралдай орманшылығының басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР