test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Кәсіпкерліктен несібе тауып отыр…

ОҚО Отырар ауданындағы шәуілдірлік ерлі-зайыпты кә­­сіп­­керлер сауын сиырларды әр күні­ екі мезгіл сауып, «Отырар-Сүт» ЖШС-не күніне өздерінің ішіп-жемінен бөлек 100 литр сүтімен қоса етін де өткізіп, отбасы тәп-тәуір қаржы тауып отыр. Табыспен қатар қиын­­шылықтың да бірге жүретіні бел­­гілі. Оның күнделікті жемшөбін беру, қора-жайды таза ұстау, түрлі ауруларға байланысты дер кезінде вакциналар салдыру сияқты жұ­­мыс­­тар адамға көп күш-жі­­гер жұм­­сауын талап етеді.  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қар­ның тіленбей» деген қағиданы ұс­­танған Беркінбаевтар отбасының аян­бай атқарған еңбегінің өтеусіз қал­­­­майтынына сенімдері зор. Сиыр бағудың өзіндік қиындықтары да барын айтқан кәсіпкер “ауылда жұ­­мыс жоқ” деп сылтау айтатындарға ренжиді. Себебі, шағын кәсіп иесі дәл қазір нақты жалақыға сауыншы таба алмай отырғандығына қынжылды. Жұмыстың жоқтығын сылтау ететін ауыл азаматтарына бұл да болса құлаққағыс. Әкелінген сиырлардың арасын­да таудың салқын ауасына үйрен­­гендері, жазды күндері біздің ау­­­­­­данның аптап ыстығына шыдай ал­­майтындары тағы бар. Оларды күз, қыс айларында сауып, көктемде бордақылап, жазда тұтынушыларға етке өткізеді. Бұл да өз кезегінде кәсіп­­кер­­дің табысын молайтатындығы сөзсіз.-«Елбасымызға рахмет, кәсіпкер­­лерге, кәсібін ашып, дөңгелетем де­­гендерге мүмкіндікпен қатар мол қаржы да беріліп отыр. Алда қора-жайды кеңейтіп, сиырлардың басын көбейту жоспарымызда бар. Осы кәсібіміздің арқасында несі­­бемізді тауып, бала-шағамызды асы­рап отыр­мыз. Береке байлықта өмір сүру үшін адам ерінбей еңбек етуі тиіс. де­­гендей қолымыздан келгенше тір­­шілігімізді жасаудамыз, алдағы таңда тағы 15 сиыр тұратын жай са­­луды көздеп отырмыз»,- дейді кәсіпкер. Сөз соңында жұмыс жасай­­мын, кәсіп ашамын деген аза­­мат­­та­­рымызға мемлекет тара­­пынан жан-жақты қолдау көр­­сеті­­ліп, қол­­­­­­дан келгенше көмектер бері­­лу­­де. Осының бір жарқын мы­­салы аудандық кәсіпкерлік мек­­тебінде бизнесті қолға алып, одан әрі дамы­­там дегендерге арнайы бір айлық сабақ­­тар өткізіліп, кәсіп­­кер­­ліктің қыр-сырына қанығып, не­­сие алу­­ға мол мүмкіндіктер жасалуда. Мем­­лекет ұсынған жеңілдіктер мен көмектерді ұтымды пайда­­ла­­на­­­­йық, ағайын!
Шолпан Дүтбаева.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР