06-09-2021
29.3 C
Шымкент

Кәсіподақтар күні мерекеленді

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан Кәсіподақтары – тұрақтылық тірегі, әлеуметтік еңбек қатынастарының арқауы», — деп кәсіподақтардың қоғамдық рөлін жоғары бағалаған болатын. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеті негізгі күш-жігерін кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік мәселелерін шешуге, еңбек пен оқу үшін тиісті жағдай жасауға бағыттап келеді.«Ұстаз деген – ұлы есім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі де оңай емес. Сол аса жауапты, ауыр міндетті абыроймен атқарып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы М.Әуезов мектебінде өткен Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының күніне арналған салтанатты жиында марапатталды.
Жас ұрпақты біліммен нұрландыра білетін ұстаздардың ізгі қызметтері шынайы алғыс пен құрметке әрқашан да лайық деген аудандық білім бөлімінің басшысы А.Құлымбет, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзеева, аудандық білім бөлімі ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Бақтайбекұлы жылы лебіздерін білдіріп, марапат иелерін құттықтады.

Д.МЕДЕУОВА.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР