test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Отан алдындағы борыш – абыройлы міндет

Еліміздегі  әскери дайындық пәнінің жетекшілері Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыруға тиіс. Сонымен қатар олардың бойына Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз Отанын қорғай білетін азамат етіп тәрбиелеуге күш салуы керек дер едім. Сондықтан әрбір шаңырақта, білім ордасында баланың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Сондай-ақ жастар үшін спорттың алар орны ерекше. ОҚО Бәйдібек ауданындағы №19 колледжде кәсіптік білім алып жатқан студенттер арасында жастар үшін спортпен айналысу бірінші ке-зекке қойылған. Аудандық, облыстық жарыстарда студенттерден құралған командалар жеңіс тұғырынан көрінуде. Жақында дала жиыны өткізілді. Дала жиынында студенттер алғашқы көмек көрсетуден бастап, спорттың бірнеше түрінен және алғашқы әскери дайындық бойынша түрлі сынақтан өтті. Жалпы соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі жан-жағымызда болып жатқан қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу үшін армияға арқа сүйемей өту мүмкін емес. Бүгінгі таңда еліміздің Қарулы Күштері мемлекетіміздің қауіпсіздігін, бейбіт халықтың тыныштығын қорғауда. Сондықтан да биылғы даталы мереке баршамыз үшін құрметті. Өйткені халқымыздың тыныштығын, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау республиканың Қарулы Күштерінің борышы.

М.БАТЫРБАЕВ,
Қарулы Күштердің ардагері,
№19 колледждің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР