test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Өз үлесімізді қосамыз

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұжырымдамасында маңызды алты мәселе айтылды. Соның төртіншісі білімнің салтанат құруы деп аталады. Мемлекет басшысы: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздің қанымызда бар қасиет» дейді. Қазақ халқы басынан қанша зобалаң өтсе де ұрпағының білімді болуын көксеген. Ата-бабамыздың сол армандары бүгінгі таңда орындалды. Әсіресе Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыстар атқарылды білім саласында. Шалғай ауылдарда жаңа мектептер бой көтерді. Соның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Ақтас жалпы орта мектебі. Заманауи үлгідегі мектеп пайдалануға берілгенде, таулы ауыл жұртшылығының қуанышында шек болған жоқ. Білім ордасының ұжымы бүгінгі талап деңгейінен көріну үшін еңбек етуде. Ал биылғы оқу жылын 253 оқушы аяқтаса, оның 14-і мектеп бітіріп отыр. Сондай-ақ білім сапасы 73,3 пайызды құрады. Қазіргі таңда білім сапасын көтеру де басты мәселелердің бірі. Бұл орайда мемлекетіміз мұғалімдердің біліктілігін арттыруына және жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндіктерді жасап отыр. Түрлі білім жетілдіру курстары соның айғағы. Елбасымыздың әр жыл сайынғы Жолдаулары, маңызды мақалалары ұстаздар қауымына міндеттер мен зор жауапкершілік жүктейді. Сөз соңында айтарым, Президентіміздің белгілегеніндей білімнің салтанат құруына біз де, біз тәрбиелеген түлектер де өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Затыбек РАЙЖАНОВ,
Ақтас жалпы орта мектебінің директоры.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР