test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Ел байлығы — ұлт саулығы

Кейінгі жылдары ел дамуы — мен қатар денсаулық саласы да жақсы ілгерілеп келеді. Осы орайда ауданымыздағы орталық емхананың да медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды. Бүгінгі күні ОҚО Бәйдібек ауданы бойынша халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында 53 емдеу мекемесі жұмыс жасайды, олардың ішінде 1 орталық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория,14 фельдшерлік-акушерлік және 26 медициналық тірек бар. Ауданымыздағы орталық емханада 51 мың 147 адам тіркеуде тұрады. Ел тұрғындарының денсаулығының мықты болуы білікті, білімді қызметкерлерді талап ететіндігі белгілі. Емханада 519 қызметкер жұмыс жасаса, олардың 81-і жоғары білімді дәрігерлер. Ал орта буында 262, кіші буында 176 қызметкер жұмыс жасауда.Ауданымыз денсаулық сапа-сы жағынан облыстағы 14 ауданның ішінде 9 орында тұр. Емхананың ең басты қызметі ол, әрине, тұрғындарды профилактикалық байқаудан өткізіп тұру. Бұл мақсатта қазір емханада бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Аудан бойынша 17 жасқа дейін 21 мың 364 бала болса, оның 11 мың 286-сы профилактикалық тексеруден өткен. Жыл басынан осы күнге дейін емханада ауруларына байланысты 11 мың адам диспансерлік есепте тұрады, бұл кісілерге мемлекеттен 68 млн. теңгенің дәрі-дәрмегі қаралған. Сондай-ақ аудан бойынша күндізгі стационар бөлімдері бар, олар жалпы 34 төсек орынмен қамтылған болса, оның 6-ы емханаға тиесілі. Осы жылы Министрліктің бекітуімен жер-жерлерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, яғни халықтың әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында республикалық акция өтуде. Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымда медициналық қызметтер ұсынылған. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша ауданымызда комиссия мүшелері құрылып, ауыл-ауылды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Кейінгі жылдарда медициналық қызмет ауылдық жерлерде жақсы жетілдірілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР