02-09-2021
15.3 C
Шымкент

«Темірлан» жыл кітабы

«Бір өлке — бір кітап» облыстық акциясының 2017 жылғы таңдауы бұл жолы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» кітабына түсті. Облыстың ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар ақылдаса келе Оңтүстік әдебиетінің ақсақалы Еркінбек аға 90-ға аяқ басқан жылы осындай ортақ шешімге келді. Жақында ОҚО облыстық  «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасындағы жазушы Е.Тұрысовтың мұражай-кабинетінде ұйымдастыру алқасының алғашқы отырысы болды. Облыстық акцияны жоғары деңгейде өткізу мақсатымен жыл бойы Тұрысов оқулары, оқырмандар конференциялары, ғылыми мақалалар мен эссе байқаулары ұйымдастырылады.Осы шешім отырыстан кейін “Темірлан” романы жайында Е.Тұрысов ағамызға бірнеше сұрақтар қойдым. “Темірлан” романының жарыққа шығуына кім себепкер болды? — деп сұрадым. 1982 жылы Қазақстан Жазушыларының VII съезінде Есенберлиннің қабылдауында болдым. І.Есенберлинге Б.Момышұлы хат жолдапты, хатында тарихи жоба жайында жазсын деп сұраныс тастаған. І.Есенберлин осы ұсынысты тікелей маған ұсынды. Оның үстіне Баукең менің «Көксеңгір» атты тарихи жазбама көз жүгіртіп, тарихты терең ғып кеңінен жазсаң болады ғой, тақырыпты қысып, шағын ғып жазыпсың деп ұрысқан сөзі де бар.
1982 жылдан 1987 жылға дейін зерттеп, ізденумен болдым. Өзіміздің архивтен, Самарқанд-Ташкенттің архивтерінен деректерді жинақтадым. Деректер Самарқандтағы архивтегі Ә.Темірдің “Өсиетнама” кітабынан алынды. Сол кезеңдегі Темірдің сарай хатшысы болған Шараф-ад-дин Иездиннің кітабындағы деректерден жазылды. Орыс ғалымы Барадиннің «Самарқанның жұлдыздары» деген деректерімен салыстыра жаздым.
Ташкенттегі архивтен Әмір Темірдің «Улажение Темира» атты өсиетнамасынан да деректер алдым. Өзіміздегі архивтегі «Рашид-ад-диннің» тарихи деректерінен де салыстырмалы түрде алдым. бар деректерді жинақтап, салыстырып, топтастырдым.»Темірлан» романы аңыздардан басталып, деректермен толықтырылады. 1870 жылы Құнанбай Меккеге бір қауым елді жинап бірге барады. Сол кезде қайтарында Исфахан (Иран) деген қалада 70000 адамның бас сүйегінен тұрғызылған мұнараны көреді. Бұл мұнараның басшысы Әмір Темір болған деген аңызды есітеді.
Осы аңыздан соң Әмір Темір қандай патша болған деген ой туады.

Ұлжамал ҮСЕНОВА,
Е.Тұрысов әдеби кабинетінің хатшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР