05-09-2021
22.3 C
Шымкент

Кәсіподақтар күні аталып өтті

Қазақстан Кәсіподақтары күніне» ОҚО Созақ аудандық  «Мыңжылқы» мәдениет үйінде кәсіподақ жиыны болып өтті.
Кәсіподақ жиынына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ауданымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға, нығайтуға үлес қосқан азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сонымен қатар, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосқаны және кәсіподақтардың дамуы мен нығаюына сіңірген еңбектері үшін бірқатар азаматтар аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен», Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісімен, «Құрмет» грамотасымен, Білім саласы қызметкерлері кәсіподағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен, облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен», «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.Жиын соңы мерекелік ән шашуға ұласты. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Созақ ауданында азаматтық қоғамның белді мүшесіне айналған мемлекеттік қызметшілердің, білім саласы қызметкерлерінің, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіподақтары белсенді жұмыстар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР