test
14-07-2024
25.3 C
Шымкент

Бос жұмыс орындары өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімі аппараты ұйымдастырған шараға аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметке тұруға ниетті азаматтар қатысты. Шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Оразов ашып берді. Бүгінгі өткізіліп отырған шараның мақсаты, жұмыс іздеп жүрген жас маманға мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орнынға тұру мүмкіндігімен таныстыру. Осындай жәрмеңкелер арқылы жедел түрде жұмыс берушімен тілдесуге, орналасуа мүмкіндік алады. Өз кезегінде жұмыс беруші, өзіне қажетті білікті білімді мамандарды іріктей алады. Қазіргі таңда аудан бойынша мемлекеттік қызмете 4 бос орын бар деп атап өтті. Жәрмеңке аясында 18 жұмыс іздеуші келіп әңгімелесуден өткенін атап өткеніміз жөн. Аудан тұрғындары үшін мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің берері көп. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкені көптеп ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыздардың қатары азайып, екі қолға бір күрек тапқандарың көбеюіне септігін тигізері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР