Тұқы балықтардың түрлерін санамаласақ олар: қаракөз, табан, сазан, оңғақ , ақ амур, дөңмаңдай деп жалғаса береді. Біз білетін, әрі бүгінгі Бабата су қоймасына әкелінген сазан балық та осы тұқы балықтардың тұқымына жатады екен. Балапанды күзде санайтынындай жаз өтіп, күз келгенде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының халқы дәрумені мол саналатын сазан етінде дастархан мәзіріне қосатын болады. Алайда, осы тұста кәсіпкер азаматқа аудан азаматтары да осы істі қолға алып жатса, білетінін үйретуге қалай қарайтынын сұрадық. «Kaz.Cold.Fish» ЖШС-нің басшысы, кәсіпкер азамат осы балық шаруашылығын қолға алып, табыс көзіне айналдыруға ниеті бар аудан азаматтары болса қолынан келер көмегін беретініне уәде етті. Тау баурайындағы өзен, көлдерде балық өсіруді қолға алар азаматтар болса бұл әжептәуір кәсіп көзі болмақ. Аса көп шығынды қажет етпейтін бұлсала, тек уақтылы арнайы жемін шашып тұрса, көл-көсір табыс әкелетіні анық. Созақтың сазаны сатылымға шығып жатса таңқалмаңыз. Міне енді биылда Созақтың тау бөктеріндегі тоғандарына барлығы 200 мың жуық балықтың шабақтары жіберілді.Амандық болса қазанымыз балық толатын болды.
Нұрдәулет ЖЕҢІС,
Созақ ауданы