ОҚО Созақ ауданының тұрғыны Көпжасар Одаманов жыл сайын шөп ору науқанның бел ортасында жүреді. Жеке кәсіпкер алдын ала орағын, шөптайлағыш, тырмасын шөп әзірлеу науқанына тиянақты дайындады. Маусым айының бірінші күні Қарасайға қарай шөпшілерді бастады. Бұл күндері орақ сырылы алыстан естілуде. Тайланған шөпті А.Сайлаубек межелі жерге тасуды бастады. Күніне екі-үш мәрте қатынайды. Ауа райын болжаушылар биыл қыс ерте түседі деп болжам жасауда. Сондықтан «Жаздың бір күні-жылға азық» демекші әр күнді тиімді пайдалануымыз керек.Бұл кезде аз ұйықтап, көп еңбек ету қажет. Әйтпесе ертең кеш қалуымыз мүмкін. Күннің осындай шуақты сәтін пайдаланып қалғанымыз абзал. Жауын-шашын болса да жұмысқа кедергі болады. Таңның атысы күннің батысына дейін тырбанып, қыстық мал азығының берік қорын жасақтауды нысана етіп алдық. Мақсатымыз- аудан халқын арзан мал азығымен қамтамасыз ету. Шөпті қол жетімді бағада сатудамыз.
Суармалы жоңышқалар орылып бітті. Ендігі жерде мал азығының ең құнарлысы дала шөбін дайындау үстіндеміз. Қарасай деген жерде қазір мал азығын дайындаудамыз. Шөп түсімі жаман емес. Шөпті күнге күйдірмей құнарын жоғалтпай жинап алсақ сол бізге үлкен олжа болғалы тұр. Техникалар үздіксіз жүруде. Орақ сырылы естіліп, еңбекке деген құлшыныс арта түсті. Жаңа өздеріңіз көргендей шөпшілеріміз шетінен еңбекқор жігіттер. Еріну дегенді білмейді. Қайта жұмыс жасаған сайын бойларына қуат даритын сияқты,-деді К. Одаманов.
С.САЙЛАУБЕКҰЛЫ.