20-09-2021
21.3 C
Шымкент

Саясы самалды, салқын саябақ

Кешегі сары сағымды сары дала Созақ көкпеңбек көкорайлы өлкеге айналды. Жиделі Байсын, Мырзабайдың даласы, Арқа төсі, сайын Сарыарқа, Бетпақдала әрісі көшпелі құмды дала қазақ баласының табаны тиген өңір. Адамзат баласы шыдап тұратын жанға жайлысы бар, тұрмайтын құлан иектеген құла дүзі де бар. Шолаққорғаннан дүрбіңізді батысқа қарай салсаңыз жайқалған бауды көресіз. Бұл «Гүлғайша» жеміс бағы. Қазіргі таңда кәсіпкер Нұрпейісова Жұмагүлдің иелігіндегі «Гүлғайша» алма бағында алма ағашы 10 гектар жерге, онда алманың семеренка, голден, воробенко, қызыл жұлдыз, нафис сияқты тәтті түрлері, өріктің сары, қара өрік лето тұқымдары 2 гектар жерге, алмұрт 1 гектар алқапқа, шабдалы 2 гектар, мың түп шие көшетін бауға барар жолдың екі қапталына, және тұт, жүзім, алқоры, түр түрлі жеміс ағаштары мен 20 мың түп терек ағаштары жайқалып жеміс салып тұр. Баудың күншығыс жақ бетінде күн сәулесі түсетін жазық 2 гектарлы егістікке қауын, қарбыз, көкөніс, бақша дақылдары егіліпті. Алла жазса жаз айы бақшалық өнімін төгіп бергелі тұр екен. Сонымен қатар, осы өнімдер базарға шығып, аудан жұртшылығының үй жағдайында тосап, түрлі шырындар мен дәмді қайнатпалар әзірлеуге мүмкіндіктер бар. Таза, халал, түрлі химиялық қоспаларсыз өсіріліп жатқан ауылшаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстар да жыл өткен сайын арта түсуде. Тіпті өндіріс орындары да келісім шартқа отырып, бірлесе жұмыс жасауға шақыруда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР