03-04-2022
19.3 C
Шымкент

Тропикалық жеміс өсіруді қолға алмақ

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Жеке кәсіпкер Т.Аққозиев Қажымұқан ауыл округі Ынталы ауылында лимон өсірмек. Бүгінгі таңда осы мақсатта жылыжай құрылысы басталып, лимон көшеттері отырғызылды. Әуел баста тропикалық жемісті қалай жерсіндіру, оны қалай күтіп баптау жөнінде арнайы ізденіп, білімін жетілдірген. Әрине елімізде  енді өсіріле бастаған лимонды бірден өнім көлемін артырамыз деп айту қиындау. Сондықтан да кәсіпкерге әлі де біраз тер төгуге тура келетіні анық. Дегенмен бел шешіп, білек сыбанып осы кәсіпті бастаған кәсіпкер тау қопарардай. Алға қойған мақсат, жоспарлары да ауқымды. Сұранысы жоғары өскінді сатып алушылардың қатары аз болмайтындығы анық. Сондықтан да бүгінде өнімді өсіру мен оны баптаудың әдістерін туралы әртүрлі мәліметтерді оқып үйренуде. Кәсіпкердің мәлімдеуінше, 1 гектарға лимоннан өзге, мандарин жемісінің ағаштары да егілмек. Сондай-ақ, жылыжайдың айналасындағы 4 гектарға орналастырылған қарқынды бау тамшылатып суару әдісімен суландырылатынын жеткізді. Жобаның жалпы құны 50 миллион теңгені құраған. Қазіргі таңда 3 азамат жұмыспен қамтылып, көшеттерді баптаумен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР