test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Емге шипа, дертке дауа табатын…

Медицина қызметкерлері күніне орай бүгін ОҚО Ордабасы ауданында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараны аудан әкімі А.Мамытбеков ашып, адам жанының арашашыларына ізгі тілегін жеткізді. Алмасбек Кеңесбекұлы медицина саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, жетістіктері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, көп жылдан бері шешімі табылмай отырған Шұбарсу дәрігерлік емханасының мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында құрылысы басталғанын атап өтті. Жалпы ауданда 54 емдеу–профилактикалық мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді. Аудандық орталық емхана мен аурухана ғимараты 2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен жүзеге асып, пайдалануға берілген.
Ардагер дәрігерлер атынан сөз алған И.Оразбаев, А.Рахиева дертпен күресуде медицинаның көш ілгерілегенін айтып, өз еңбек жолдарынан естеліктерімен бөлісті.  Аудандық емхананың бас дәрігері Н.Абжапарова дәрігерлердің қуанышына ортақтасқан көпшілікке шынайы ризашылығын жеткізіп, саласындағы үздіктерді марапаттады. Төрткүл ауылдық емханасы «Үздік ауылдық емхана» номинациясымен марапатталды.
Мерекелік кештің тағы бір ерекшелігі — дәрігерлердің жаңа қырынан танылуы болды. Күн-түн демей, Гиппократ антына адалдығын дәлелдеп, дертпен күресіп жүрген ақ халаттылар бұл кеште ән айтып, мың бұрала биледі.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты абзал жандар!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР