Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен облыста өткен Ордабасы ауданының «Туған жер – алтын бесігім» фестивалі қала тұрғындарына көптеген мәдени шара ұсынып, жақсы әсер сыйлады.
Бағдарлама аясында Ж.Шанин атындағы театрда «Темірлан» халық театры З.Қыстаубайұлының «Тәуелсіздіктің ақ таңы» қойылымын сахналады. 1986 жылғы оқиғаның мәні мен маңызын ашуға бағытталған бұл драма бір отбасының айналасында өрбиді. Жасынан мүгедектік арбасына таңылған азамат пен сүйіктісін іздеумен күн кешірген арудың тағдыры көрерменді бей-жай қалдырмады. Негізгі түйіні жеке адамдардың басындағы тағдырары арқылы қоғамда болып жатқан мәселелерді көп талқысына салу болып табылатын туынды бір жағынан қандай жағдай болғанда да өз елінің патриоты болуға үндейді. Отансүйгіштіктті насихаттайтын мұндай туынды әрір көрерменнің көңілінен шығатыны сөзсіз әрине. Темірландықтардың бұл тартуы да көпшіліктің көңілінен шықты.