test
03-07-2024
29.3 C
Шымкент

Пилоттық жоба әлеуметке көмек

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің жанынан құрылған жұмысшы тобы «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасы аясында ОҚО  Сарыағаш ауданында  2017 жылдың 05-17 маусым күндері аралығында әлеуметтік мәселелерге қатысты елді мекендерде халықпен кездесу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер берді. Отбасылық құндылықтарды дамыту және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысшы топтын басты мақсаты әлеуметтік тұрмыс жағдайлары төмен жұмыссыз отбасыларға, жалғыз басты және көп балалы аналарға, мүгедектерге және тағы басқада тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзекті мәселелерін шешу болып табылады.
Жұмысшы топпен 1208 адамның қатысуымен 26 ауылдық округтерде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 125 адамдарға жеке қабылдау жұмыстары жүргізіп, ауыл тұрғындармен қойылған мәселелер тез арада қаралып оң шешімін тапты. Мәселен, тұрмысы төмен отбасыларға тегін медициналық көмек, атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысын тағайындау, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздық есебінде тіркеу, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламалар аясында жәрдемақы, тұрғын үйге кезекке қою, мүгедектікке шығару, мүгедектік арбаны алып беру, жағдайы төмен отбасылардың балаларына жазғы демалыс орындарына тегін жолдама алып беру, санаторияға тегін жолдама алу т.б мәселелер өз шешімін тапты.
Нәтижесінде тұрмысы төмен 47 отбасына өтініштері бойынша көмек көрсетілсе, 78 отбасына заң талаптары түсіндірілді. Пилоттық жоба бағытындағы әлеуметтік мәселеге қатысты жұмыс өз жалғасын табуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР