14-09-2021
20.3 C
Шымкент

Басым бағыттарға инвестиция тартады

Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Біржан Қанешевпен кездесті. Басқосуда алпауыт қаржы тобының өкілі өңір басшысына «KAZAKH INVEST-тің» Оңтүстік Қазақстан өңірлік өкілдігінің жаңа басшысы  Шахизат Матаевты таныс етті.  Әрі  инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметт электронды жүйеге көшіру арқылы  бюрократиялық кедергілерді жою жолдарына тоқталды. Біржан Қанешевтің айтуынша, «ҚазақИнвест» компаниясы Елбасы тапсырмасына сай «KazNextInvest»-тің базасында құрылып, екі айдан бері жұмыс істеп келеді. Компания қазақстандық экономиканың басым бағыттарына тікелей инвестициялар тартумен айналысады. Оңтүстік облыста да жергілікті биліктің көмегіменжеке компанияларға шығуды көздейді. Инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін әзірлеп, мақсатты және дайындығы бар инвесторларды тартуды өз құзіретіне алады.   Бүгінде компания инвесторларды қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе енгізу бағытында жұмыс істеу үстінде. Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі «Біз ааталған компаниядан үлкен үміт күтеміз. Облыс экономикасының әлеуеті зор. Барлық салалаларда жұмыс істеуге дайынбыз. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы жоғары. Әсіресе, ауыл, мал, егін шаруашылығы, туризм салаларында, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау салаларында мүмкіндіктеріміз мол. Біз  «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ Ұлттық компаниясының жұмысына толық қолдау білдіріп, ашықтықпен жұмыс істеуге әзірміз».

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР