test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Баға бағамын төмендетпек

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының билігі жеміс-жидек терімі кезіндегі көкөніс бағасын тұрақты ұстауға тырысып бағуда. Жергілікті тұрғындардың арыз-уәжімен жауапты мамандар сауда орындарына рейд ұйымдастырды. Өзгерген не бар? Түркістанда 30-ға жуық базар бар. Сауда орындарындағы азық-түлік бағалары күн санап, шарықтап барады. Бір ғана «Алтын бұлақ» базарынан 1 келі картопты 230 теңгеге алуға болады. Пияз – 135 теңге. Бағаның қисынсыз жоғарылауының да өзіндік себебі бар. Мөлдір Серперова – Бақылаушы «Біз осы өнімдерді Сарыағаштан аламыз. Шет елдерден әкелінетіндері бар. Олар свежийболып келеді гой, сондықтан да сондай қымбат болады». Тұтынушы қалауы — бұл емес. Алма самсып пісіп,  шие төгілген шақта  дәрумендер жиынтығын  тарықпай жегісі келеді.  Билік те қарапайым халыққа жақ. Рейд барысында мамандар 4 бірдей сауда орындарында болды. Базарлардағы бағаны тұрақтандырудың бірден-бір жолы – жергілікті шаруалардың өнімін арттыру, — деген байлам жасалды. Түркістандық шаруалар бүгінде қызанақ, қияр өсіруден көш бастайды. Жергілікті билік осы дихандардың өніміне басымдық бермек.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР