test
06-07-2024
32.3 C
Шымкент

Туристер спорттық жарыста бақ сынады

«Алатау жасыны»… Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданына асқаралы тау көруге барған туристер таң-тамаша спорттық жарысқа куә болды. Тіпті, өздері де қызығушылық танытып, қатысты. Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтін шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтті. Игілікті шара халықаралық «ЭКСПО-2017»  көрмесіне орай ұйымдастырылды. Оған 37 команда қатысып, аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды. Жарыстың алғашқы күні экологиялық сенбіліктен басталды. Туристік станция өкілдері қоршаған орта тазалығына немғұрайлы қарамайтындарын осы акция барысында көрсетті. Сайыс қатысушылары  жартасқа өрмелеу сайысынан да мықтыны анықтады. Балалар топ-топқа бөлініп, жалынды сөздермен ұрандата жарысты. Ал, келесі күні командалар кедергілер жолағы арқылы сынға түсті. Асқан байыптылық пен зеректікті талап ететін байқауда шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінді. Табиғаты тамаша аудан саналатын Төлеби тау бөктерінде өткен шара өлкенің ішкі туризмін дамытуға ықпал етпек. Ал, қатысушылар арасында достық, сыйластық сезімдерін арттырғаны анық.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР